Жаңалықтар

Қазақстан мен Беларусь елдерінің Сот сараптама қызметі Меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы мен Беларусь Республикасы мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің ғылыми-практикалық орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Іс-шараға Беларусь Республикасы Мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Алексей Волков, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев,  Сот сараптамалары орталығының директорының міндетін атқарушы Берік Сағындықов қатысты.

Құжатқа сот сараптамасының өзекті мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін дамыту және келісілген өзара іс қимыл тетіктерін қалыптастыру мақсатында қол қойылды.

«Қол қойылған келісім екі елдің мүддесіне сай келеді және мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Алексей Волков.

Келіссөздер үстелінде тараптар екі елдің әділет министрліктерінің қызметі және сот-сараптама қызметі бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасты. Азамат Есқараев «Digital Justice – Цифрлық Әділет» бағдарламасы шеңберінде әділет органдарының қызметін цифрландыру мәселелерін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Беларусь Республикасының мемлекеттік сот сараптамалары комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен сот-сараптама қызметі саласында бірінші жыл ынтамақтасып келе жатқан жоқ. Ведомстволар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2015 жылы қол қойылды. Құжат екі елдің өзара әрекеттесуінің берік негізіне айналды.

Back to top button