Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жобасы
ҚР Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы
“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. 2023 жылғы 22 мамыр мен 31 желтоқсан аралығында тиісті нормативтік құқықтық актілер бекітілгенге дейін Астана, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің келесі мемлекеттік қызметтерін “Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын:
– “Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”;
– “Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”;
– “Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”;
– “Сот сарапшыларын аттестаттау”;
– “Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау”;
– “Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау”;
– “Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру”;
– “Сот сарапшысының біліктілігін беру”.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру тәртібі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. __________А. Жамбакин |
Қазақстан РеспубликасыӘділет министрі__________А. Ескараев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кәсіби қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және біліктілік беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерін автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобасын іске асыру
ТӘРТІБІ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) кәсіптік қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (“Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”, “Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”, “Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”, “Сот сарапшыларын аттестаттау”, “Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау”, “Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткерлерді аттестаттау”) және біліктілік беру (“Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларының бір түрін өндіру құқығына біліктілік беріу”, “Сот сарапшысы құқығына біліктілік беру”) жөніндегі мемлекеттік қызметтерін “Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы” акционерлік қоғамының базасында автоматтандырылған режимде көрсету процесін айқындайды.
2. Тәртіп келесі негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) Көрсетілетін қызметті алушы – кәсіптік қызметпен айналысуға және біліктілік беруге үміткер жеке тұлға;
2) Көрсетілетін қызметті беруші – аттестаттау және біліктілік беру бойынша өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын Министрліктің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдары;
3) Тестілеу операторы – “Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы” акционерлік қоғамы;
4) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
5) Портал – “электрондық үкіметтің” веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.
Тәртіпте пайдаланылатын барлық өзге терминдер “Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы”, “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы“, “Ақпараттандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңдарында қолданылатын мағынада пайдаланылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру тәртібі
1 параграф. “Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”, “Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу”, “Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушы Астана, Шымкент қалаларының, Түркістан облысының Әділет департаменттеріне портал арқылы Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелген “Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20775 болып тіркелген “Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 маусымда № 20836 болып тіркелген “Жеке сот орындаушы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу” мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
4. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күнен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 17 ақпанда №10270 болып тіркелген адвокаттық және нотариаттық қызметтерді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Републикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда №10308 болып тіркелген жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
6. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілген қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Көрсетілген қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей жібереді.
8. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы “жеке кабинетке” беру арқылы хабардар етеді.
9. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестацияға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.
10. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.
11. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (адвокаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 10, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңы – 5, Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заңы – 10; нотариаттық қызмет бойынша – 100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Жер кодексі – 15, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 10, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңы – 5, Қазақстан Республикасының “Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы” заңы – 10, Қазақстан Республикасының “Нотариат туралы” заңы – 10; жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша – Қазақстан Республикасының “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” заңы – 100 сұрақ).
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
12. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.
13. Үміткерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болады.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде үш нұсқасы қамтылады.
14. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Министрлік Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
15. Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
16. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі, олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.
17. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өтеді.
18. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде мобильдік телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
19. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
20. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.
21. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт – 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт – 60 (алпыс) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
22. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
23. Аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді.
24. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы тәртібінің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады (пилоттық аймақтар үшін).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” жіберіледі.
25. Аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл ретте ол аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
Параграф 2. “Сот сарапшыларын аттестаттау”; “Сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау” мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
26. Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын, аттестаттауға жататын адамдардың тізімі оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
Аттестаттауға жататын сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының тізімін және аттестаттаудан өту кестесін “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы” Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.
27. Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы шешімді Министрліктің сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссиясы қабылдайды, ал сот сараптамалары органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қабылдайды.
28. Көрсетілетін қызметті беруші Тестілеу операторын және аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушыларды аттестаттауды өткізу туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
29. Сот сарапшысының бір уақытта 3 (үш) сараптамалық мамандықтан аспайтын біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау бойынша аттестаттаудан өтуге жол беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушыда 3-тен (үш) астам сараптамалық мамандық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған тестілеуден нәтижелі өткен кезде практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден автоматты түрде өтуге жіберіледі.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері тестілеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
30. Көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №336 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 сәуірде №15033 болып тіркелген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
31. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қараудың және рұқсат берудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
32. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинетке” мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
33. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
34. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өтуге жіберіледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
35. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жататын көрсетілетін қызметті алушыларды аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама немесе портал арқылы “жеке кабинетке” беру арқылы жазбаша хабардар етеді.
36. Аттестаттау 2 кезеңде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі:
1) заңнаманы білуге компьютерлік тестілеу (100 сұрақ) қылмыстық процестік құқық (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық (20 сұрақ); криминалистика (20 сұрақ); әкімшілік құқық (20 сұрақ); “Сот-сараптама қызметі туралы” ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) (20 сұрақ);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеу.
37. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.
38. Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басын куәландыратын құжатты немесе “цифрлық құжаттар” сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде тестілеуге жіберіледі.
39. Заңнаманы білуге арналған тестілеу уақыты – 90 минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестілеу уақыты – белгілі бір мамандық бойынша 30 (отыз) минут 2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы құрайды).
40. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
41. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайта өте алады.
42. Заңнаманы білуге тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70% және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша дұрыс жауаптардың кемінде 50% құрайды.
Егер заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден өтудің шекті деңгейі ситуациялық міндеттердің жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 % құрайды.
43. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
44. Нәтижелер түпнұсқалығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталатын екі данада басып шығарылады. Бір данасы көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы көрсетілетін қызметті алушының қолымен көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау ісінде сақталады.
45. Аттестаттаудан өтпеген көрсетілетін қызметті алушы бір реттен артық емес қайта аттестаттауға жатады.
46. Қайта аттестаттау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №336 бұйрығымен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларының 12-тармағында айқындалған тәртіппен аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айдан ерте емес және үш айдан кешіктірілмей өткізіледі.
47. Қайта аттестаттау кезінде заңнаманы білуге тестілеу бойынша шекті деңгейден өткен көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуге жіберіледі.
48. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттаудан өту/өтпеу туралы шешімді электрондық форматта ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетіне” көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
49. Аттестаттаудан өту туралы шешім ол шығарылған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде жарамды болып табылады.
Параграф 3. “Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру”; “Сот сарапшысының біліктілігін беру”
50. Сот сарапшысының біліктілігін беру көрсетілетін қызметті алушы біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне толықтыруды бере отырып, заңнаманы білуге және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуді тапсыру жолымен жүзеге асырылады.
51. Тестілеуден өту кестесін көрсетілетін қызметті беруші оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей бекітеді.
Тестілеуді тапсыру кестесінің көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыны таныстыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында бір мезгілде Тестілеу операторын хабардар ете отырып орналастырылады.
52. Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуді тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №335 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 сәуірде №15031 болып тіркелген Сот сарапшысының біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларына 1-қосымшаға 8-тармағына сәйкес электрондық құжат нысанында біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне толықтыруды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жібереді.
53. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
54. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинетке” мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
55. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
56. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
57. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оның абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама беру арқылы немесе портал арқылы “жеке кабинетке” хабарланады.
58. Тестілеу 2 кезеңде, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізіледі:
1) заңнаманы білуге компьютерлік тестілеу (100 сұрақ) қылмыстық процестік құқық (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық (20 сұрақ); криминалистика (20 сұрақ); әкімшілік құқық (20 сұрақ); Заң бойынша (20 сұрақ);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеу.
59. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.
60. Көрсетілетін қызметті алушылар жеке басын куәландыратын құжатты не “цифрлық құжаттар” сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде тестілеуге жіберіледі.
61. Заңнаманы білуге тестілеу уақыты 90 (тоқсан) минутты, практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеу уақыты – белгілі бір мамандық бойынша 30 (отыз) минутты (2 (екі) кейсті, әр кейс бойынша 5 (бес) тапсырманы) құрайды.
62. Тестілеуді өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де тасығыштарда, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Тестілеуден шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
63. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайта өте алады.
64. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін заңнаманы білуге тестілеуден өтудің шекті деңгейі сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың кемінде 70% және әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша дұрыс жауаптардың кемінде 50% құрайды.
Егер заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері белгіленген шекті деңгейден аз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге тестілеуден өтудің шекті деңгейі ситуациялық міндеттердің жалпы санынан дұрыс жауаптардың 70 % құрайды.
65. Тестілеу нәтижелерін есептеу Тестілеу операторының пайдаланылатын компьютерлік бағдарламасының көмегімен автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі.
66. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық форматта біліктілік емтиханынан өту/өтпеу туралы шешімді ресімдейді, ол көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының “жеке кабинетінде” көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
67. Тестілеуден өтпеген көрсетілетін қызметті алушы оны сот сараптамаларының біліктілік даярлығынан өткеннен кейін үш айдан ерте емес және алты айдан кешіктірмей қайта өте алады.
Параграф 4. “Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау”
68. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда №17322 болып тіркелген “Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды электрондық құжат нысанында жібереді.
69. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға “жеке кабинетке” мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
70. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
71. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді.
72. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
73. Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
74. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның абоненттік нөміріне хабарлама жіберу арқылы немесе портал арқылы “жеке кабинетке” аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
75. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген адамдардың тізімін жібереді.
76. Аттестаттау зияткерлік меншік құқығы саласындағы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу түрінде өткізіледі.
77. Аттестаттау тесттеріне енгізуге жататын мәселелердің тізбесін Министрлік қалыптастырады.
78. Үміткерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың (100 сұрақ: өнертабыстар мен пайдалы модельдерді құқықтық қорғау – 25, өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау – 25, селекциялық жетістіктерді құқықтық қорғау – 25, тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын құқықтық қорғау – 25) жауабының біреуі дұрыс болған кемінде төрт нұсқасы болуы тиіс.
79. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Министрлік Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, Интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
80. Аттестаттау компьютерлік техниканы пайдалана отырып, Тестілеу операторының базасында жүргізіледі.
81. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы үміткерді аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі, олардың ұзақтығы және үміткерлерді іріктеу рәсімінің мазмұны туралы хабардар етеді.
82. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарда) пайдалануға жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
83. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайта өте алады.
84. Заңнаманы білуге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт-90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70 (жетпіс) және одан көп болса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өтті деп есептеледі.
85. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
86. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады және аяқталғаннан кейін жеке қол қою арқылы танысу үшін кандидатқа бірден ұсынылады.
3-тарау. Аттестаттау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
87. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Министрлікке немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
88. Көрсетілетін қызметті берушінің атына не Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
89. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Номер_________
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау/аттестаттамау туралы
шешім
қала_________ |
күні______ |
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.
Басшы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Номер________
Нотариаттық қызметімен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау/аттестаттамау туралы
шешім
қала______ |
күні_______ |
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.
Басшы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Номер__________
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткені туралы
шешім
қала__________ |
күні__________ |
____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін біліктілік емтиханын өтті деп танылсын.
Басшы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот сарапшысының аттестаттаудан өту туралы шешім
Астана қаласы |
“__”______ 20__ж. |
____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1.___________________________________
2.___________________________________
мамандығы бойынша сот сарапшысының аттестаттаудан өтті деп танылсын.
____________________________________________________________
(қолы немесе ЭЦҚ)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____
Астана қаласы |
“__”______ 20__ж. |
Осы куәлік ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1.________________________________
2.________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
__________________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
№_____ сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша
Астана қаласы |
“__”______ 20__ж. |
Осы куәлік ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
1.________________________________
2.________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
__________________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)