Мақалалар

Радикалдың әлеуметтік портреті қалай анықталады

Бүгінгі күні түрлі социологиялық, психологиялық және дінтанушылық зерттеулер барысында діни радикалдың әдеттегі әлеуметтік, психологиялық портретті жасалған. Аталған салада сарапшылық жүргізіп жүрген жетекші маман Айдын Дастанұлының сөзінше,  радикалданған бейненің артында маргиналды, діни және жалпы білім деңгейі таяз, қоғам алдындағы жауапкершілігі төмен адам болады. Көп жағдайда ол адамдар діннен хабары аз, Қасиетті мәтіндерді оқымаған болып шығады. Сонымен қатар олар еңбек етуге бейімделмеген, отбасылық құндылықтарды, мемлекет институттарын мойындамайды, мемлекет ұсынған көмектен бас тартады.

Интернет, идеологиялық құрал ретінде бірінші кезекте өз уақытының көп бөлігін виртуалды кеңістікте өткізетін азаматтарға қатысты пайдаланылады, ол дегеніміз жасөспірімдер мен жастарға тікелей  төнетін  қауіп. Бұл процесстерді іске асыру барысында жылдамдық пен асығыстық кері әсерін тигізетіні анық. Белгілі бір идея мен сенімнің жетегінде  кету үшін, адамның санасында аталған идея кең тамыр жаю керекҮміткерді алғашқы байланысқа тартар алдында, радикалдық ұйым жасақтаушысы оны бақылап, зерттейді. Оған адам туралы мүмкіндігінше көп ақпарат жинаған маңызды. Жаңа адамдарды іздеу барлық бағытта жүреді, жауапсыз махаббатқа тап болғандар, туыстары, жақындары, әріптестері немесе мұғалімдері жағынан түсініспеушілікпен кезіккендер,  елдегі әлеуметтік немесе саяси жағдайға көңілі толмай жүргендер, дін мен философияға беріліп, өмірлік сұрақтарға жауап іздеушілер, әділеттілікке ұмтылғандар. Жасақтаушы өзі таңдаған адамның парақшасындағы жазбаларға «лайк» қояды, оны өзінің достарының тізіміне қосады, онымен күнделікті тақырыптарда хабарлама ауысып, желідегі досына айналады. Біраз уақыт өттісімен жасақтаушы өзінің «досын» маңызды ақпаратты талқылау үшін мессенджерге, немесе басқа әлеуметтік желіге шақырады. Осы жағдайда жасақтаушы үміткердің «әлсіз» жерлерін анықтау үшін адам психологиясын шебер тани алу қабілетін іске қосады. Бұл сатыда әр адамға индивидуалды тәсіл пайдаланылады. Оның барлығы үміткерді не мазалап, қынжылтып жүргеніне байланысты. Осылайша қарапайым адамның белгілі бір уақыттың ішінде радикалдануы іске асады.

Back to top button