Батыс және Орталық Азиядағы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық желілерін дамыту.
2021 жылғы 12 қазанда БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі Басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің қамқорлығымен сот-медициналық сараптама және есірткі жөніндегі өңірлік жұмыс тобының онлайн кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты-тергеушілер мен құқық қорғау органдары мен сот зертханасының сарапшылары арасындағы ынтымақтастық желісін дамыту, мамандарды қолдау, батыс және Орталық Азиядағы есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған өңірлік бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу.
Кеңеске Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Түрікменстанның, Қазақстан Республикасының, Ауғанстан Республикасының, Пәкістан Ислам Республикасының Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдарының өкілдері, Орталық Азия өңірлік ақпараттық-үйлестіру орталығының өкілдері қатысты.
Елдердің өкілдері есірткінің заңсыз айналымы және сот-сараптама әлеуеті саласындағы ахуалға шолу жасады. Кездесуде өңірлік операцияларды өткізу жоспарлары, есірткінің заңсыз саудасы және Орталық Азия өңірінде жаңа психобелсенді заттардың таралуы саласындағы ағымдағы үрдістер талқыланды.
Өңірлік жұмыс тобы зертханаларды жабдықтауға қолдау көрсету және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті жүзеге асыратын мамандарға әдістемелік көмек көрсету туралы бастама көтерді.