Жаңалықтар

XX-шы Республикалық “Шапағат-2024” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

2024 жылдың 6 желтоқсанында Сот сараптамалары орталығының директоры Сатывалдеев Р. К. мерейтойлық XX-шы Республикалық “Шапағат-2024” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Шара еліміздің жетекші өнертапқыштарын, ғалымдары мен инноваторларын, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік құрылым өкілдерін біріктірді.

Байқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институты (Qazpatent) ұйымдастырды.

“Шапағат-2024” марапаты ғылым, технология және инновация саласындағы үздік жетістіктерді мойындаудың символы болып табылады және Қазақстандағы өнертапқыштық белсенділікті дамытуға шабыт береді.

Back to top button