Жаңалықтар

Сот сарапшыларының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

2021 жылғы 1 қазанда онлайн форматта «Сот сараптамасының заманауи аспектілері: теория және практика» тақырыбында сот сарапшыларының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны Молдова Республикасының Әділет министрі С.Литвиненконың төрағалығымен осы елдің Әділет министрлігі ұйымдастырды. Онлайн-кеңеске сот сараптамасының өкілдері, Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның түрлі заң және криминалистика саласының мамандары қатысты. Іс-шараға ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығынан Директордың сот-сараптамасы мәселелері жөніндегі орынбасары И.Исмаилов қатысты. Сарапшылар сот сараптамасын дамытудың негізгі проблемалық мәселелерін көтерді, ғылыми дамудың жаңа әдістері мен технологиялары туралы айтты. Сараптамалардың әртүрлі түрлерінің, соның ішінде экологиялық, жазутану, тауартану және т.б. кең ауқымды мәселелері, сараптама тағайындаумен байланысты сот ісін жүргізуді реттеу мәселелері қаралды, бұл тәжірибе алмасуға, сындарлы диалог жүргізуге, сондай-ақ сарапшылық қоғамдастықтың одан әрі ынтымақтастықтасуы үшін басымдықтарды белгілеуге мүмкіндік берді.

Back to top button