Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығының басшылығы Беларусь Республикасының мемлекеттік сот сараптамалары комитетімен танысты

18 тамызда Қазақстан делегациясы Беларусь сараптамалық ведомствосының өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Берік Сағындықов, орталық директорының орынбасары Назгүл Имамбаева, Беларусь Республикасы сот сараптамалары мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Сергей Евмененко, сондай-ақ мемлекеттік комитеттің ғылыми-практикалық орталығының бастығы Вадим Позняк қатысты.


Тараптар ынтымақтастық бағыттарын талқылап, Беларусь Республикасы мемлекеттік сот сараптамалары комитетінің ғылыми-практикалық орталығы мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы арасында бір күн бұрын жасалған ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде іске асыру мәселелерін қарастырды.

Сапар барысында басшылық есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын, мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын зерттеу жөніндегі жекелеген зертханалардың сараптамалық жабдықталуымен танысты.

Сондай-ақ молекулалық және спектрлік талдау, элементтік және фазалық талдау, гемологиялық зерттеулер, баллистикалық сараптамалар зертханаларына барды.

Back to top button