Жаңалықтар
Маңғыстау облысы Сот сараптамасы институтының қызметкері ерлігі үшін медальмен марапатталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған әзірбайжандық Azal авиакомпаниясы ұшағының жолаушыларын құтқару кезінде ерлік пен азаматтық жауапкершілік көрсеткен бір топ азаматты марапаттады.
Марапатталғандардың арасында – Маңғыстау облысы бойынша Сот сараптамасы институтының қызметкері Эльдар Оразалиев, ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл награда оның төтенше жағдайлардағы кәсібилігі мен батырлығының танылуы болды.