Жаңалықтар

Талдықорған мәйітханасында тараған видеоға қатысты түсініктеме

ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының баспасөз қызметі 2023 жылғы 13 тамызда мессенджерлер мен ақпараттық сайттарда тараған Талдықорған мәйітханасының алдында ақ материалға оралған мәйіттердің видеосына қатысты келесіні хабарлайды:

Видео 2021 жылы түсірілген, аталған мәйітхана ғимараты Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтына тиесілі. Алайда, танылмаған және талап етілмеген  мәйіттерді жерлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сот сараптамалары институтының қызметкерлері мәйіттерді жерлеу (мәйітті жуу, қырындыру) және мәйітті орау жұмыстарын ғана жүзеге асырады.

Аталған видеода танылмаған және талап етілмеген  мәйіттерді жерлеу жұмысын Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Пятый регион» ЖШС арасындағы келісімшарт бойынша жүзеге асырып жатқан «Пятый регион» ЖШС қызметкерлері. Олардың Жетісу облысы сот сараптамалары институтының қызметіне ешқандай қатысы жоқ.

 

Back to top button