Қазақстан Республикасы ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗДІ
Әділет органдарының 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қанат Сергейұлы Мусин әділет министрлігі мен ведомстволардың қызметкерлерін, үздік адвокаттарін, нотариустарін, сот сарапшыларын, әділет органдарының ардагерлерімен еңбек сіңірген өнертапқыштарді марапаттады.
«Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығы – Қазақстан тарихындағы маңызды кезең. Бұл жылдар ұлттық заңнаманы қалыптастыру мен дамытудың ең маңызды міндетін сәтті шешті. Жұмыс депутаттармен тығыз байланыста, заң шығару қызметін үйлестіру және басқа да мемлекеттік органдармен, оның ішінде заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссия аясында өзара әрек еттесу арқылы жүзеге асырылды», – деді салтанатты жиында Қ.Мусин.
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің айтуынша, жүздеген заңнамалық актілер, олардың ішінде Азаматтық кодекс, Неке және Отбасы туралы кодекс, Қылмыстық кодекс, Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодекс сияқты маңызды іргелі заңнамалық актілер және басқалары, сондай-ақ сот органдары тікелей қатысқан мыңдаған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
«Барлығы 38 кодекс, 3 мыңнан астам заң және өзге де заңнамалық актілер, ондаған мың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бар», – деді басқарма басшысы.