ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы» РМК (бұдан әрі – Орталық) келесі бос лауазымдарға конкурс жариялайды: Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-сараптамалық мәселелер жөніндегі орынбасары; Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-сараптамалық мәселелер жөніндегі орынбасары; Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-сараптамалық мәселелер жөніндегі орынбасары; Ақтөбе облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары.
Аумақтық бөлімше директорының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: сот сараптамасының тиісті түрін жүргізу құқығына берілген біліктілік куәлігінің болуы; сот сараптамасы органдарында кемінде үш жыл еңбек өтілінің болуы; сот-сараптамалық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын білу; мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2025 жылғы 26 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ескерту:
Аталған лауазымдарға конкурс, Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты директорының сот-сараптама мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын қоспағанда, Орталықтың ішкі кадрлық резерві шеңберінде өткізіледі. Аталған лауазым бойынша конкурс сыртқы кадрлық резерв арасында жарияланады, себебі бұған дейін ішкі кадрлық резерв шеңберінде өткізілген конкурс нәтижесіз деп танылған.