Жаңалықтар
Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директоры Руслан Құсайынұлы Сатывалдеевтің басшылығымен Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығында Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Дамир Берікұлы Бақытовтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» тақырыбы талқыланды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі аспектілері және сот сараптамасы органдарында оның алдын алуға бағытталған шаралар жөнінде пікір алмасты.