Жаңалықтар

“Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму келешегі” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді

2022 жылғы 29 маусымда “Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму келешегі” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді

Семинар жұмысына Орталықтың аумақтық бөлімшелерінің сот сарапшылары қатысты.

Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:

  1. Қазақстан Республикасындағы сот-экологиялық сараптаманың қазіргі жағдайы: проблемалық мәселелер және даму перспективалары.

ҚР ӘМ ССО сараптамалық тәжірибесін жинақтау, эколог-сарапшыларға сауалнама жүргізу нәтижелерін өңдеу, жүргізілген сараптамалар қорытындыларын дәлелдеме ретінде пайдалану тұрғысындағы құқық қорғау органдары мен соттардың өтініштерін талдау, сараптамалар жүргізуден бас тартудың негізділігі тұрғысындағы құқық қорғау органдары мен соттардың өтініштерін талдау, жетістіктер мен кемшіліктер, кемшіліктердің туындауының объективті, субъективті себептері және оларды жою жолдары қорытындылары; жалпы теориялық, әдістемелік базаны нығайту және сот-экологиялық сараптамасын одан әрі дамыту мақсатындағы келешекке арналған міндеттер тыңдалды.

2) Шлам жинағыштарда аққулардың жаппай қырылуы және Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуы фактісі бойынша сараптамалар мысалында өнеркәсіптік қалдықтармен ластанған су қоймаларындағы омыртқалы су жануарларының жаппай қырылу себептерін анықтау мақсатындағы сот-сараптамалық экологиялық зерттеу әдістемесін таныстыру.

3) Су объектілерін зерттеудің сараптамалық практикасын талдау және жүргізілген сараптамалар мысалында Жер үсті табиғи суларының экологиялық жай-күйін сот-сараптамалық зерттеу әдістемесін ұсыну.

4) Павлодар облысы бойынша ССИ сараптама тәжірибесін талдау және экологиялық сараптамалар өндірісінің проблемалық мәселелері.

5) Қарағанды облысы бойынша ССИ сараптама тәжірибесін талдау және экологиялық сараптамалар өндірісінің проблемалық мәселелері.

6) Қостанай облысы бойынша ССИ сараптама тәжірибесін талдау және экологиялық сараптамалар өндірісінің проблемалық мәселелері.

7) Табиғи және жасанды фитоценоздардың экологиялық жағдайын сот-сараптамалық зерттеу әдістемесін таныстыру.

8) Сот-экологиялық сараптамаларын жүргізу кезінде зерттеудің геохимиялық әдістерін пайдалану.

9) Топырақ-геологиялық объектілерді зерттеудің сараптамалық тәжірибесін талдау және Алматы қаласы бойынша ССИ жүргізілген сараптамалардың мысалдарында Топырақ-геологиялық тектес объектілердің экологиялық жай-күйін сот-сараптамалық зерттеу әдістемесін таныстыру.

10) ҚТҚ полигондарындағы қоршаған орта объектілерінің экологиялық жай-күйін сот-сараптамалық зерттеу.

11) Алматы қаласы бойынша ССИ жүргізілген сараптамалар мысалында Бұрғылау қалдықтарымен ластанған топырақты сот-сараптамалық экологиялық зерттеу әдістемесін таныстыру.

12) Ландшафтық өзгерістер экологиялық бұзушылықтардың бір түрі ретінде.

13) Кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) өз бетінше өндіруден келтірілген залалды есептеу кезінде қалпына келтіру құнын белгілеу мақсатында Қоршаған орта объектілерінің экологиялық жай-күйін сот-сараптамалық зерттеу әдістемесін таныстыру.

Сот-экологиялық сараптамасын тағайындау және жүргізу барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Семинар жұмысының қорытындысы шығарылды және семинардың резолюциясы жасалып, қабылданды.

Back to top button