Сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ішкі істер министрлігімен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 қазанында Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің және сот сараптамалары орталығының басшылығы ішкі істер министрлігімен сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел форматында бірлескен кеңеске қатысты.
Жұмысқа Әділет министрлігінің, Республикалық сот сарапшылары палатасының, ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің өкілдері, сондай-ақ онлайн форматта аумақтық полиция департаменттері мен сот сараптамалары институттарының басшылары қатысты.
Сындарлы диалог өтті, оның барысында қатысушылар сот сараптамаларын тағайындау және жүргізу кезінде практикалық қызметте туындайтын міндеттерді шешудің ықтимал жолдарын, оның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері мен сот сарапшыларының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.