Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қырғыз Республикасының Әділет министрлігі арасындағы сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қырғыз Республикасының Әділет министрлігімен сот-сараптама қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты.

Келісім аясында қырғызстандық әріптестерімізбен өзара қарым-қатынасты күшейту, соның ішінде жаңа әдістер мен әдістемелерді зерделеу үшін бірлескен семинарлар, курстар өткізу, сот-сараптама қызметінің мәселелері бойынша ғылыми жұмыстарды үйлестіру, сот-сараптама зерттеулерінің жаңа әдістері мен әдістемелерін біргелікте әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.

Аталған Келісімді жасау қарым-қатынасты нығайту және ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын дамыту бойынша іс-әрекеттерді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Back to top button