Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығы директорының орынбасары Н.Е. Имамбаева «Әділдік жолындағы әріптестік: мемлекет және қоғам азаптауларға қарсы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

26 маусымда Сот сараптамалары орталығы директорының орынбасары Н.Е. Имамбаева «Әділдік жолындағы әріптестік: мемлекет және қоғам азаптауларға қарсы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Іс-шара Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күніне орайластырылды. Конференция азаптаулардың алдын алу, адам құқықтарын қорғау және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету ісінде мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттары мен халықаралық ұйымдардың өзара іс-қимылының негізгі аспектілерін талқылау алаңына айналды. Пікірталас барысында қатысушылар заңнаманы жетілдіру, азаптау фактілері бойынша тергеу тиімділігін арттыру мәселелерін қозғады.

Н.Е. Имамбаева өз сөзінде осындай істерді тергеу процесінде сапалы сараптамалық сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтіп, Сот сараптамалары орталығының азаматтардың құқықтарын қорғауға және әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелерді дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Back to top button