Жаңалықтар

БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетімен ынтымақтастық

Ағымдағы жылғы 13-14 желтоқсанда Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитеті ұйымдастырған Медициналық және ғылыми мақсаттар үшін каннабисті және онымен байланысты заттарды халықаралық бақылауға арналған стандарттардың есептілігі мен мониторингі мәселелері жөніндегі үкіметаралық кеңестің 3-ші онлайн сессиясына қатысты. Сондай-ақ, кездесуге Австралия, Германия, Ресей, Канада, Қытай, Түркия, Швейцария өкілдері қатысты.

Іс-шараның мақсаты мүше мемлекеттер арасында есірткіні халықаралық бақылау және каннабисті медициналық және ғылыми мақсаттарда өсіруге, өндіруге, пайдалануға, сатуға және тұтынуға қатысты есеп беру талаптарын келісу үшін жалпы негіздерді анықтау болды. Бұған дейін мұндай кездесулер тиісінше 2021 жылғы 24 наурызда, 30 маусымда және 1 шілдеде өткен.

Кеңес барысында БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетіне мүше мемлекеттерге жіберілген ескертулер мен ұсыныстар талқыланды және осы материалдар негізінде есептілік және мониторинг стандарттарының жобасы ұсынылды.

Кеңес барысында БҰҰ-ның Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетіне мүше мемлекеттер жіберген ескертулер мен ұсыныстар талқыланды және осы материалдар негізінде есептілік және мониторинг стандарттарының жобасы ұсынылды.

Барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) каннабистің және онымен байланысты заттардың тізімдік мәртебесін өзгерту жөніндегі ұсынымдары бойынша дауыс беруден кейін есептілік және мониторинг стандарттары бойынша консенсусқа қол жеткізілді.

Back to top button