Әдеп жөніндегі уәкілдің әділет органдары қызметкерлерімен кездесуі
2022 жылдың 28 наурыз – 1 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Сыдықова Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменттерінің, Министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелерінің («Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтык ақпарат институты» ШЖҚ РМК, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК) мемлекеттік және азаматтық қызметшілерімен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында қызметкерлерге қызметтік әдеп стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызмет атқарудың маңыздылығы мен жауапкершілігі, және елде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, семинар аясында Әділет министрлігімен жүзеге асырылатын № 4 үлгілік базалық бағыттағы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (ҮББ – 4) және № 5 үлгілік базалық бағыттағы «Қоғамдық сананы жаңғырту» (ҮББ – 5) жобалары бойынша алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Кездесу соңында, ұжымның моральдық-психологиялық ахуалын мониторинг жүргізу мақсатында қызметкерлерден анонимді сауалнама алынды.