Жаңалықтар

Әділет министрі Азамат Есқараев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

2024 жылғы 02 наурызда Әділет министрі Азамат Есқараев Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сот-медициналық қызметінің ғимаратында болды. Шымкент қаласы бойынша ССЭ сапары аясында Мнистр күнделікті нәтижелі жұмыс үшін маңызы бар бірқатар мәселелерді талқылады. Ең маңызды мәселелердің бірі: сот сараптамаларын жүргізу мәселесі, оның ішінде сарапшылардың біліктілігін арттыру, сараптамалық қорытындылардың тәуелсіздігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, зерттеудің заманауи технологиялары мен әдістерін енгізу, басқа сот органдарымен және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық. Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша ССИ жаңа ғимаратын салу және Шымкент қаласы әкімдігімен бірлескен жұмыс барысында қолда бар ғимаратты жөндеу мәселесі талқыланды.
Кездесу барысында Министр Әділет департаменті мен Институт басшылығына Шымкент қаласы бойынша ССИ материалдық – техникалық базасын ұлғайту бойынша нақты міндеттер қойды. Министр елдегі ең ірі және жетекші сот сараптамасы орталықтарының бірі болып табылатын Шымкент қаласы бойынша ССИ жұмысының сапасы мен тиімділігін одан әрі арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Back to top button