«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық ақциясының аясындағы дөңгелек үстел
2023 жылғы 28 қарашада Астана қаласында «Астана» Халықаралық қаржы орталығында «Зорлық-зомбылыққа, қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» халықаралық акциясының шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының техникалық қолдауымен дөңгелек үстел өткізді.
Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» Жаћандык науқаны аясында республикалық акция өткізіледі. Осылайша, Қазақстан жаћандық деңгейде де, ұлттық деңгейде де гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюға бейімділігін көрсетеді. Басты мақсат – халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ету.
Бүкіл әлемде 736 миллион әйел – шамамен әрбір үшіншісі -өмірінде бір рет болса да жыныстық серіктесі тарапынан, серіктес болып табылмайтын тұлғалар тарапынан физикалық және/немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа, немесе екеуіне де ұшырады.
Гендерлік зорлық-зомбылықтың өзекті мәселелерін талқылау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алуға көзқарасты әзірлеу үшін дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, ҚР адам және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, орталық мемлекеттік органдардың, сарапшылық қоғамдастықтың және YЕҰ басшылары қатысты.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, оның ішінде зорлық-зомбылық жасаған адамдармен жұмыс істеуге қатысатын мемлекеттік органдардың және азаматтық сектордың дөңгелек үстел алаңында біріктірілген жалпы қорытындылары Ұлттық комиссиямен әзірленіп жатқан Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізіледі.
Жергілікті атқарушы органдардын жұмысын күшейтуге басты назар аудару жоспарлануда.
Ел Президенті Қ Қ. Тоқаев айтқан Заң және Тәртіп кағидасының басымдықтарын ескере отырып, Ұлттық комиссия алаңында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген фактілерінің жолын кесу, құқықтық мәдениет қалыптастыру және заңды бұзушыларға мүлдем төзбеушілік бойынша талқылаулар өтуде.