Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сот-сараптама қызметі саласындағы Үйлестіру кеңесінің III отырысы өтті

2026 жылғы 26 маусымда Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сот-сараптама қызметі саласындағы Үйлестіру кеңесінің III отырысы өтті. Кеңес жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Отырысқа қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әділет министрі құттықтау сөз сөйлеп, сот-сараптама қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс барысында сот сараптамасын дамытудың өзекті мәселелері, атап айтқанда сараптамалық процестерді цифрландыру, тәсілдерді стандарттау, кәсіби тәжірибе алмасу, сараптамалық зерттеулер әдістемелерін жетілдіру, кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды. Қатысушылар халықаралық ынтымақтастық сот-сараптама қызметінің сапасын арттыруға және трансұлттық қылмысқа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететінін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сот-сараптама қызметі саласындағы өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Сонымен қатар Үйлестіру кеңесінің келесі отырысын 2027 жылы Қырғыз Республикасында өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

