Сот сараптамасы бойынша ғылыми-практикалық семинар
Астана қаласының сот сараптамалары институтының базасында сот сараптамаларын жетілдіруге бағытталған ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға Сот сараптамалары орталығының өкілдері, Сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының және Орталықтың аумақтық бөлімшелерінің сот сарапшылары қатысты.
Семинардың негізгі тақырыбы «Жеке басын куәландыратын құрал ретінде тіркелген, тіркеуге өтініш білдірілген, сондай-ақ тіркеусіз пайдаланылатын белгілерді олардың сәйкестігі немесе араластыру дәрежесіне дейін ұқсастығы бар(жоқ) екенін анықтау мақсатында сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі» болды.
Семинарға қатысушылар сот сарапшыларының күнделікті қызметінде маңызды болып табылатын белгілерді зерттеу кезіндегі сәйкес келетін белгілердің пайызын есептеу әдістемесінің негізгі ережелері және әдістерімен танысуға мүмкіндік алды.
Іс-шара сот сараптамаларын одан әрі дамытуға және олардың тиімділігін арттыруға ықпал ете отырып, қатысушылар үшін мол тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға оқуды сәтті аяқтағаны үшін сертификаттар табысталды.