13 желтоқсанда ҚР ӘМ ССО ЭҚЖД-мен бірлесіп құқық қорғау органдарының, Бас прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне семинар өткізілді
28.05.2024 жылғы кеңес хаттамасының 2.1, 2.2-тармақтарын және 09.10.2024ж. кеңес хаттамасының 14-тармақтарын орындау үшін ҚР Мемлекеттік кеңесшісінде 13 желтоқсанда ҚР ӘМ ССО ЭҚЖД-мен бірлесіп құқық қорғау органдарының, Бас прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерін әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни араздықты қозғау туралы істер бойынша сараптамалық зерттеудің проблемалық мәселелері бойынша оқыту өткізілді. Оқытуға ЭҚЖД директорының м.а. М.М.Өтеулин, ССО директоры Р.К.Сатывалдеев және дінтану магистрі, саяси ғылымдар кандидаты, сот сарапшысы-филолог, дінтанушы Н.А.Мұқанова қатысты.
Оқыту семинары барысында сарапшы Н.А. Мұқанова психологиялық-филологиялық, дінтану, дінтану-саясаттану сараптамаларын дұрыс тағайындау, материалдарды алдын ала дайындау және зерттеу объектілерін ұсыну, сондай-ақ сарапшы-филоның құзыреті бойынша сұрақтарды дұрыс құрастыру үшін практикалық ұсынымдар берді.