ХАБАРЛАНДЫРУ: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны аумақтық сот сараптамалары институттарының басшылық құрамындағы бос лауазымдарды толықтыру үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны аумақтық сот сараптамалары институттарының басшылық құрамындағы бос лауазымдарды толықтыру үшін конкурс жариялайды.
Ашық вакансиялар:
- Алматы облысы бойынша Сот сараптамалары институтының директоры;
- Алматы облысы бойынша Сот сараптамалары институтының сот-медициналық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары;
- Қостанай облысы бойынша Сот сараптамалары институтының директоры;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының сот-сараптамалық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары (уақытша вакансия).
Аумақтық бөлімше директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім; сот-сараптама саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі немесе мемлекеттік мекемелерде басшылық қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі, не мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі; Қазақстан Республикасы заңнамасын сот-сараптама қызметі саласында білу; мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.
Аумақтық бөлімше директорының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына арналған біліктілік куәлігінің болуы, сот сараптамасы органдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі, Қазақстан Республикасы заңнамасын сот-сараптама қызметі саласында білу, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 05.12.2025 жылға дейін қабылданады.
Ескерту: ЦСЭ кадрлық резерві туралы Ереженің 6-бөлімінің 24-тармағына (Орталық директорының 29.07.2025 ж. №384 бұйрығымен бекітілген) сәйкес, Алматы облысы бойынша Сот сараптамалары институты директоры лауазымына конкурс ішкі іріктеу болмағандықтан, сыртқы кадрлық резервте өткізіледі.
Қалған лауазымдарға конкурс Орталықтың ішкі кадрлық резервінде өткізіледі.