Хабарландырулар

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы» РМК (бұдан әрі – Орталық) Қарағанды және Қостанай облыстары бойынша Сот сараптамалары институты директоры бос лауазымына конкурс жариялайды:.

Аумақтық бөлімінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім; сот-сараптамалық қызмет саласында кемінде бес жыл еңбек өтілі, не мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымда кемінде үш жыл еңбек өтілі, не мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы; сот-сараптамалық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2026 жылғы 13 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Ескерту: 1) Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының бос лауазымына іріктеуге, ішкі кадрлық резерветегі конкурс өтпеді деп саналғандықтан, «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының» сыртқы кадрлық резервіндегі үміткерлер қатыса алады; 2) Қостанай облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының бос лауазымына іріктеуге «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының» ішкі кадрлық резервіндегі үміткерлер қатыса алады.

Back to top button