ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы» РМҚК (бұдан әрі – Орталық) Қарағанды облысы бойынша Сот сараптамалары институты директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.
Аумақтық бөлімінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім; сот-сараптамалық қызмет саласында кемінде бес жыл еңбек өтілі, не мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымда кемінде үш жыл еңбек өтілі, не мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл еңбек өтілі болуы; сот-сараптамалық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2026 жылғы 23 ақпанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ескерту: бұдан бұрын өткізілген конкурстар өтпеді деп танылуына байланысты, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК кадр резерві туралы Ережесінің 21-тармағына сәйкес, іріктеуге ішкі кадр резервіндегі үміткерлер қайта қатысуға жіберіледі.