ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы» РМК (бұдан әрі – Орталық) Шымкент қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сот-сараптамалық мәселелері жөніндегі директордың орынбасары бос лауазымын толықтыруға арналған конкурс жариялайды.
Аумақтық бөлімше директорының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:белгілі бір түрдегі сот сараптамасын жүргізу құқығын беретін біліктілік куәлігінің болуы; сот сараптамалары органдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі; Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық қызмет саласындағы заңнамасын білу; мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштер 08.12.2025 жылға дейін қабылданады.
Ескерту: аталған лауазымға конкурс Орталықтың ішкі кадрлық резерві арасында жүргізіледі.