Жаңалықтар

Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институтында CADAP-7 бағдарламасының өкілдерімен кездесу өтті

Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институтында Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы Есірткіге қарсы күрес жөніндегі бағдарлама (CADAP-7) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

CADAP-7 бағдарламасы есірткінің таралуына қарсы іс-қимылға, оларды тұтынуды қысқартуға және осыған байланысты тәуекелдер мен зиянды барынша азайтуға бағытталған. Бағдарламаның маңызды міндеті есірткіге қарсы күрес саласындағы кешенді және ғылыми негізделген саясатты әзірлеуде Орталық Азия елдерінің үкіметтерін қолдау болып табылады.

Кездесу барысында CADAP-7 бағдарламасының өкілдері 2026 жылы іске асырылатын жаңа бастама – CADAP-8 іске қосылғанын хабарлады. Келесі кезеңнің мақсаты тұрақты даму, бейбітшілікті нығайту және адам құқықтарын қорғау саласындағы Еуропалық Одақтың халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту болады.

Кездесу аясында сот сараптамасы және есірткі заттарын зерттеу саласында жұмыс істейтін еуропалық ұйымдармен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Back to top button