Жаңалықтар
Сот сарапшыларына аттестаттау жүргізу туралы
«Сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес, сот-сараптама қызметін жиырма жылдан аса жүзеге асырған адамдарды қоспағанда, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар әрбір бес жыл сайын аттестаттаудан өтеді.
Лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын, кезекті және қайта аттестаттауға жататын адамдардың тізімі бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №962 бұйрығына және лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарды аттестаттауды өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес аттестаттау 2021 жылғы 6 – 15 желтоқсан аралығында қашықтықтан өткізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.