Сот сараптамасы саласындағы заңнаманы білуге арналған сұрақтар тізімі

Әкімшілік құқық

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқықтың пәні болып табылады:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада ғана белгіленген қағида

Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарау кезінде органға (лауазымды тұлғаға) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі әкеп соғады

Әкімшілік құқықтың әдістері болып табылады:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан сотқа, органға (лауазымды тұлғаға) келуіне байланысты сарапшының шеккен шығындары белгіленген тәртіппен өтеледі

Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқықтың қайнар көзі болып табылуы мүмкін:

Әкімшілік жазаларға жатпайды:

Әкімшілік-құқықтық қатынастар туындайды:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамадағы адамгершілік қағидасының мәні

Қазақстан Республикасында азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттілігі мына кезден бастап туындайды:

Қазақстан Республикасында азаматтардың ішінара әкімшілік әрекет қабілеттілігі мына кезден бастап туындайды:

Әкімшілік-құқықтық норманың элементтерін атаңыз

Егер сарапшы әкімшілік құқық бұзушылық ісін қарау барысында, оған уәкілетті орган (лауазымды тұлға) шешім шығарғанға дейін өзі берген қорытындысының жалған екендігін мойындаса, ол әкімшілік жауаптылықтан босатыла ма?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезінде сарапшыны алып тастауға негіз болып табылмайтын мән-жайды атаңыз

Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы әкімшілік шектеу шараларына жатады:

Төменде көрсетілген жазалардың қайсысы әкімшілік бола алмайды:

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік ұстаудың ең ұзақ мерзімі:

Сарапшының өз-өзін немесе оны алып тастау туралы өтінішін қарау қандай мерзімде жүзеге асырылады

Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларына жатады:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан судья, орган (лауазымды тұлға) сараптама тағайындау туралы шығарады:

Әкімшілік жаза ретінде арнайы құқықтан айырудың ең ұзақ мерзімі:

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуде қолданылатын мерзімдер есептеледі:

Төменде көрсетілген жазалардың қайсысы тәртіптік жауаптылық шарасы болып табылмайды

Әкімшілік құқық жүйесі өзіне қамтиды:

Әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік биліктің қай тармағының мәнін білдіреді?

Әкімшілік жазаға тартылған деп тұлға қанша уақыт ішінде есептеледі:

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып танылады:

Әкімшілік жазадан жалтару әкеп соғады:

Әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп мынадай іс-әрекетті жасаған жеке тұлға танылады:

Үлгілерді алуға құқық мына тұлғаларға тиесілі

 

Азаматтық іс жүргізу кодексі

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сараптама қай жерде жүргізіледі?

Азаматтық процестегі жарыспалылық қағидасын не сипаттайды:

Заттай дәлелдемелерді қарау жүзеге асырылады:

Сарапшы жабық сот отырысында істі қарау кезінде қатыса ала ма?

Сот отырысында сарапшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін кім түсіндіреді, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді?

Заттай дәлелдемелер дегеніміз не:

Сот отырысында сарапшыны алып тастау мәселесін кім қарайды және шешеді?

Сарапшы сот отырысына келмеген жағдайда:

Осы істі бұрын қарау кезінде сарапшының маман ретінде қатысуы оны алып тастауға негіз болып табыла ма?

Жазбаша дәлелдемелер дегеніміз:

Жауапкерге тиесілі және оның немесе басқа адамдардың иелігінде тұрған мүлікке тыйым салу мынаған жатады:

Сот сараптама тағайындауға міндетті азаматтық істер санаттарын атаңыз:

Сарапшы міндетті:

Сарапшыға сұрақтарды қою құқығы кімге тиесілі?

Азаматтық іс жүргізу шеңберінде соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдардың қатысуына жол беріле ме?

Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізу кезінде қатыса ала ма?

Азаматтық істер бойынша сот қабылдайтын актілердің нысандары:

Сот актілерінің міндеттілігі кімдерге таралады:

Сарапшыға қарсылық білдіру қанағаттандырылғанда немесе қабылданбағанда шығарылатын сот актісі:

Істегі тараптар болып табылады:

Сараптаманы белгіленген мерзімде жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлар болғанда сарапшының әрекеттері:

Сараптаманы сот тағайындайды:

Сарапшы сот отырысының уақыты мен орны туралы қандай жолмен хабарландырылады?

Азаматтық процесте сарапшыдан жауап алу мынадай тәртіпте жүргізілуі мүмкін:

Сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу тәртібі белгіленеді:

Сот үшін алдын ала белгіленген күші бар дәлелдемелер қандай?

Іс жүргізу тілі болып табылады:

Егер сарапшы сот отырысына дәлелсіз себептермен келмесе:

Сараптама тағайындау туралы ұйғарым – бұл:

Қандай жағдайларда қосымша сараптама тағайындалады?

 

«Сот-сараптама қызметі туралы» заң

Жеке тұлғаның сот-сараптамалық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданылуы мына жағдайларда тоқтатылады:

Сот сарапшысы қорытындысын жасаған кезде іс жүргізуге қатысушылардың қатысуына жол беріле ме?

Егер сот сараптамасы сот сарапшылары комиссиясымен жүргізілсе, сарапшылардың кеңесу және қорытындыларды тұжырымдау сатысында іс жүргізуге қатысушылардың қатысуына жол беріле ме?

Сарапшыдан ол қорытындысын ұсынғанға дейін жауап алуға жол беріле ме?

Тұлға сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мына мерзімге дейін орналастырылуы мүмкін:

Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сот-сараптамалық зерттеу әдістемелерін қолдануға қандай жағдайларда жол беріледі?

Сот сараптамасын бір жолғы тәртіппен жүргізу мына жағдайларда тапсырылады:

Сот сараптамасын тағайындаған орган (тұлға) сот сараптамасы саласында шетел мемлекетінің маманын сот сарапшысы ретінде тартуға құқылы ма?

Лицензия негізінде сот-сараптамалық қызметпен айналысатын адамдардың қызметіне бақылау мына тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады:

Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде мына әрекеттерге тыйым салынады:

Сот-сараптамалық қызметпен айналысуға берілген лицензияның қолданылуын тоқтату мына жағдайларда жүзеге асырылады:

Сарапшының қорытынды бере алмауы туралы құжат жасауына негіз бола алмайтын жағдайды атаңыз:

Аталған негіздердің қайсысы сот сарапшысына қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды?

Сот сарапшысы міндетті емес:

Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасының мүшелері болып табылады:

Сот сарапшылары палатасының жоғарғы басқару органы болып табылады:

Сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру мерзімі мынадан аспауға тиіс:

Координатор-сарапшының өкілеттігіне кірмейді:

Алдыңғы сот сарапшысының қорытындысы жеткілікті негізделмеген жағдайда тағайындалады:

Сот сарапшысы жауап алуға жатпайды:

Іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау әртүрлі білім салаларына негізделген зерттеулерді қажет етсе, тағайындалады:

Аталған нормалардың қайсысы сарапшының құқықтарына жатпайды?

Арнайы ғылыми білім – бұл:

Сот сараптамасы органының басшысы құқылы:

Қамауда отырмаған тұлғаны сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға жол беріледі:

Сот сараптамасын жүргізу мерзімі есептеледі:

Сот сараптамасы органының басшысы құқылы емес:

Сот-сараптамалық қызметтің мазмұнына кірмейді:

Сот-сараптамалық қызмет қағидаттарына жатпайды:

Материалдарды орындаусыз қайтаруға негіз болып табылмайтын жағдайды атаңыз:

 

Криминалистика

Айыпталушылардың немесе күдіктілердің берген айғақтары мынада бекітіледі:

Металл бөгетке атылған оқтың шығу тесігінің жиегі … болады:

Жекелеген қылмыс түрлерін (топтарын) ашу жөнінде ұсынымдар қамтитын криминалистиканың бөлімі криминалистикалық … деп аталады:

Саусақ ізінде бір дельтаның болуы бұл папиллярлық өрнектің … екендігін білдіреді:

Қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында дәлелдемелерді жинау мен зерттеу үшін қолданылатын техникалық құралдар, тәсілдер мен әдістер жүйесі криминалистикалық … деп аталады:

Криминалистика жүйесінің элементі болып табылады:

Криминалистиканың теориялық тұжырымдамалар, ұғымдар, әдістер, байланыстар, анықтамалар мен терминдер жүйесі:

Криминалистиканың арнайы әдістерін көрсетіңіз:

Төменде берілген әдістердің ішінен криминалистиканың жалпы әдістерін атаңыз:

Барлық реквизиттері бар үлгі бланкіде шындыққа сәйкес келмейтін деректер баяндалған жағдайда … орын алады:

Дәлелдемелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, оларды қылмыстық іске тіркеуді және зерттеуді қамтамасыз ететін әрекеттер – бұл:

Криминалистикалық диагностиканың мәні … анықтаудан тұрады:

Белгілі бір қылмысты тергеуді жоспарлау кезінде тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларының тізбесі … айқындалады:

Криминалистикалық идентификацияның түрін көрсетіңіз:

Трасологияда зат-іздер деп … түсініледі:

Қылмыс іздерін бекітудің негізгі тәсілі:

Ұсталған адамдарды фотосуретке түсіру кезінде … фототүсірілім қолданылады:

Адамның сыртқы бейнесінің өзіндік белгісі болып … табылады:

Қылмыс іздерімен жұмыс істеудің кезеңдері қандай реттілікпен орналасуы тиіс?

Құжаттың қандай тәсілмен жасалғанын, бұл үшін түпнұсқа немесе қолдан жасалған бланкі пайдаланылғанын, мөр мен штамп бедерлері түпнұсқа немесе жалған клишелермен қойылғанын және т.б. анықтау … сараптамасының нысанына жатады:

Масштабтық сызғыш қоса беріліп түсірілген фотосурет … деп аталады:

Техникалық-криминалистикалық құралдар мен әдістер іс жүргізу нысанында … қолданылады:

Бағдарлаушы, шолулық, түйінді, детальдық – бұлар … фотосурет түрлері:

Ұлғайтқыш сақиналармен жүргізілетін түсірілім … деп аталады:

Үш папиллярлық сызық ағынының тоғысуымен түзілетін папиллярлық өрнектің деталі … деп аталады:

Папиллярлық өрнектің қасиеттері болып … табылады:

Сұрау алудың (жауап алудың) мәні … болып табылады:

Объектінің идентификациялық белгілері мына шарттарға сәйкес болуы тиіс:

 

Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ҚІЖК)

ҚІЖК нормалары мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарт нормалары арасында қайшылық болған жағдайда:

Ақтау негіздері болып табылады:

Судьяға қарсылық білдіру мына негіздер бойынша мүмкін:

Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы жүргізу тапсырылған сарапшы туралы сараптаманы тағайындаған тұлғаға қандай мерзімде хабарлайды:

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасының мазмұнына кірмейді:

Сот талқылауында сараптама жүргізілген кезде сарапшының қорытындысын кім жариялайды:

Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттің қылмыстық іс жүргізу құқығын қолдану:

Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, ол процессуалдық әрекет жасалған және процессуалдық шешім қабылданған сәтте күшіне енген болуы тиіс. Бұл тұжырым … болып табылады:

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыстар бойынша сот-психиатриялық сараптама тағайындау және жүргізу міндетті ме?

Бұлтартпау шарасы болып табылмайды:

«Заңдылық» ұғымының мәні неде?

Сарапшы заңнамада көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартып, қорытынды беру мүмкін еместігі туралы негізделген жазбаша хабарлама жасауға құқылы ма?

Сарапшы сот сараптамасын жүргізу кезінде іс жүргізуге қатысушылардың қатысуына тыйым салуға құқылы ма?

Сарапшының осы істе маман ретінде қатысуы оны алып тастауға негіз болып табыла ма?

Сұрау алудың үздіксіз ұзақтығы қандай?

Сарапшыға қарсылық білдіру мәселесін кім шешеді?

Кешенді сараптама жүргізілген кезде жалпы қорытындыны кім тұжырымдайды және қол қояды?

Қылмыстық процестің қағидаттары болып табылады:

Адвокаттың өтініші бойынша сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын кім тексереді?

Тергеу судьясы сараптама тағайындаған кезде заттар мен материалдарды сарапшының қарауына кім береді?

Сарапшы өз бастамасы бойынша сараптама жүргізу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге құқылы ма?

Шет мемлекеттердің сот сарапшыларының қатысуымен сот сараптамасы жүргізіледі:

Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы:

Сарапшылық бастама құқығы дегеніміз не?

Іс бойынша мына мән-жайларды анықтау қажет болған жағдайда сараптама тағайындау және жүргізу міндетті:

Соттардағы іс жүргізу мына қағида негізінде жүзеге асырылады:

Сарапшының ауызша түсініктемелері дәлелдемелер болып табыла ма?

Жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы … жүргізіледі:

Сараптама жүргізілетін адамдарды медициналық ұйымда ұстау қағидалары … арқылы айқындалады:

Үлгілер алынғаннан кейін тергеуші қандай құжат жасайды?

 

 

 

Back to top button