Жаңалықтар

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығының жағдайымен танысты.

Бүгін Сот сараптамаларының ғылыми-практикалық орталығында Сот-сараптама қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру және өзекті мәселелерді шешу бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті.
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен кездесуде Сот сараптамалары орталығының кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі ,материалдық-техникалық және инфрақұрылымдық базасындағы негізгі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ сот медицинасын одан әрі дамыту мақсатында аудандық және ауданаралық сот медицинасы бөлімшелерін, сондай-ақ молекулярлық-генетикалық зертханаларды ашу үшін қаржы қаражатын бөлу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін сот-медициналық сарапшыларды оқытуға нысаналы гранттар бөлу жолдары талқыланды .

Сөз соңында Әділет министрі сот-сараптама қызметінің мәселелеріне назар аударып келгендері үшін депутаттарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жалғасатынын айтты.

Back to top button