Хабарландырулар
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК Жетісу облысы бойынша Сот сараптамалары институты директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Аумақтық бөлімше директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары білім, сот-сараптамасы саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің не мемлекеттік мекемелерде басшылық лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің не мемлекеттік органдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы, Қазақстан Республикасының сот-сараптамасы саласындағы заңнаманы білуі, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2026 жылғы 19 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
Ескерту: іріктеуге қатысуға сыртқы кадр резервінен үміткерлер жіберіледі.