Хабарландырулар

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК, Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институты директоры орынбасарының бос лауазымына конкурс жариялайды.

Аумақтық бөлімше директорының орынбасары лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білімі, сот-сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына арналған біліктілік куәлігінің болуы, сот сараптамасы саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы, Қазақстан Республикасының сот-сараптамасы саласындағы заңнаманы білуі, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2026 жылғы 7 тамызға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Ескерту: іріктеуге қатысуға ішкі кадр резервінен үміткерлер жіберіледі.

Back to top button