Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары Институты болашақ химиктер мен криминалистер үшін таныстыру экскурсиясын өткізді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институты Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ынтымақтастығы аясында жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің талапкерлеріне «Химиялық, криминалистикалық сараптама» мамандығы бойынша таныстыру экскурсиясы өтті.

Экскурсия барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының бас сарапшылары болашақ студенттерді сараптамалық жұмыстың бағыттары мен ерекшеліктерімен, қолда бар аспаптық базамен таныстырды. Бұл ынтымақтастық талапкерлер үшін де, жалпы ҚР ӘМ ССО кадр саясатын дамыту үшін де маңызды және жемісті болып табылады.

Таныстыру экскурсиялары жастарға ЖОО-ға түсу кезеңінде мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болашақта кәсіби қызметтің сипаты туралы идеясы бар жас мамандар арасында кадрларды іріктеуді жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл өзара іс-қимыл пайдалы жаңалық болып табылады және болашақта дамыту жоспарлануда.

Back to top button