Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінде өткен кеңес

А.ж. 24 сәуірінде ІІМ-де Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры С.А. Әділовтың және әділет вице-министрі Д.М. Ваисовтың төрағалық етуімен ІІМ қызметтерінің және Әділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелеріне сараптамалық функциялар беру және сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Іс-шара жұмысына ҚР Әділет министрлігі Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаментінің директоры А.Т.Тіленчиев және ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының директорының м.у.а. Б.Т. Байтілесов қатысты.

Кездесу барысында тараптар пікір алмасып, осы мәселе бойынша одан әрі сындарлы диалогқа дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар ЖКД зертханаларының мүмкіндіктерімен танысты.

Back to top button