Жаңалықтар

“Медициналық-криминалистикалық сараптаманың өзекті мәселелері: қазіргі жағдай, теория және практика” семинар


Сот сараптамаларының ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен 2023 жылға арналған ССҒЗИ-ның жоспарына сәйкес “Медициналық-криминалистикалық сараптаманың өзекті мәселелері: қазіргі жағдай, теория және практика” тақырыбында аумақтық бөлімшелер сарапшыларының қатысуымен семинар өтті. Семинарды модератор Астана қаласы бойынша сот сараптамасы институтының медициналық – криминалистикалық зерттеудің сот-медициналық сарапшысы Ю.В.Колосов жүргізді.
Семинарға Орталық филиалдарының сот-медициналық және сот сарапшылары, “Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу 6.1”; “Талшықты материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу 7.5”; “Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу 5.1”; “Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу” мамандықтары бойынша мамандары, сот сарапшылары палатасы, сот медицинасы кафедрасы мамандары қатысты.Ғылыми-практикалық семинар барысында семинарға қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда,
“Атыс қаруынан алынған жарақаттарға кешенді сараптама жүргізу тәртібі”,
“Зақымдану жағдайлары мен мән-жайларын қайта құру бойынша ситуациялық міндеттерді шешу кезінде ұсынылатын сараптамалық зерттеу әдістемесінің негізгі ережелері және
“Бас сүйегінің сынған сүйектерін қалпына келтіру мүмкіндіктері”,
“Антропология аясында Палеопатология”,
“Темір дәуірінің қаңқасының өлімінің себебін қалпына келтіру”, “Ұзын түтікшелі сүйектің сыну жиектерімен зақымдануы”, “ҚР-дағы медициналық-криминалистикалық қызметтің жай-күйі мен даму перспективаларын талдау” тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Семинарда сонымен қатар медициналық-криминалистикалық ситуациялық, сәйкестендіру және басқа да сараптама түрлерін жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.
Астана қаласы бойынша Сот сараптамалары институты бөлімшелерінің “Талшықты материалдар мен олардың бұйымдарын сот-сараптамалық зерттеу 7.5”; “Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу 5.1”; “Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу 7.3″мамандықтарының жұмысы мен құрал-жабдықтары қатысушылар назарына ұсынылды. Семинарда қатысушылар өзара тәжірибеалмасу бойынша пікірлесіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті. Барлық қатысушыларға семинар соңында сот сараптамалары орталығы директорының сот-медициналық мәселелері бойынша орынбасары Н.Е.Имамбаева сертификаттар тапсырды.

Back to top button