Жаңалықтар

«Әділдік пен құқыққа қызмет етудің 30 жылдығы» тақырыбындағы Қазақстан Республикасы әділет органдарының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

2022 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп, онлайн режимінде Қазақстан Республикасы әділет органдарының
30 жылдығына арналған «Әділеттілік пен құқыққа қызмет етудің
30 жылдығы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция Қазақстандағы әділет органдарының қалыптасу тарихын, норма шығармашылығы салаларын одан әрі дамытудың үлесі мен перспективаларын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді, елдегі заңдылық режимін сақтауды талқылауға арналған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Шақырылған құрметті қонақтар арасында Қазақстан Республикасының әділет экс-министрлері, жақын шетел мемлекеттерінің әділет министрлері, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, отандық және Беларусь, Германия, Моңғолия, Ресей, Түрікменстан шетелдік ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері және саяси қайраткерлер құттықтау сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Пленарлық отырысты Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қ.С. Мусин ашты. Қанат Сергеевич өз сөзінде, Жаңа Қазақстанның дамуындағы министрлік қызметінің рөлі мен маңызын атап өтіп, іс-шараға шақырылған барлық қатысушыларға, әділет органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне жүктелген міндеттерін сапалы орындағаны үшін алғыс білдірді.

Әділет вице-министрі – А.Қ. Мұқанова, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, з.ғ.к., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Р.Қ. Сәрпеков іс-шараның модераторлары болды.

Заң ғылымының құрметті өкілдері М.К. Сүлейменов, Е.Ә. Оңғарбаев, И.Ш. Борчашвили, М.Ч. Қоғамов, Р.Т. Нұртаев, С.И. Климкин және т. б. норма шығармашылығы саласындағы өзекті тақырыптарда баяндама жасады.

Беларусь Республикасының Ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығының директоры В.Д. Ипатов, Ресей Федерациясының Әділет министрлігі жанындағы Құқықтық ақпарат ғылыми орталығының директоры Ю.Н. Даценко өз баяндамаларында норма шығармашылығы саласындағы заңнаманы, сондай-ақ цифрлық құқықтық кеңістікті дамыту тәжірибесімен және перспективаларымен бөлісті.

Пікірталас және пікір алмасу барысында конференцияға қатысушылар заң ғылымының түрлі салаларындағы теориялық және практикалық маңызы бар одан әрі өзекті мәселелерді талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналының арнайы шығарылымын басып шығару жоспарлануда.

Back to top button