Жаңалықтар

Сот сараптамаларының ғылыми-зерттеу институты институционалдық аккредиттеу стандарттары бойынша бірлескен семинар өткізді

2021 жылғы 26 тамызда білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) және сот сараптамаларының ғылыми-зерттеу институты “Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен нұсқаулықтарға” (ESG) сәйкес институционалдық аккредиттеу стандарттары бойынша бірлескен семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: сот сарапшыларын дайындау және білім беру сапасын қамтамасыз етудің жаңа стандарттарын талқылау.

Жоғары оқу орындарын аккредиттеу бөлімінің (IQAA) бастығы Қарлығаш Мұхареденқызы Джигитчеева аккредиттеу критерийлері мен рәсімін түсіндірді, аккредиттеуді өткізу технологиясы туралы сұрақтарға жауап берді.

Back to top button