Жаңалықтар

ТМД аясындағы ынтымақтастықтың жаңа форматы

2021 жылғы 7 қазанда онлайн форматта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сот сараптамалары органдары басшыларының Мемлекетаралық кеңесін құру туралы келісім жобасын келісу жөніндегі сарапшылар тобының отырысы өтті. Іс-шараны ТМД Атқарушы комитеті ұйымдастырды. Отырыс жұмысына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның сот-сараптама мекемелерінің өкілдері қатысты.

Тараптар осы саладағы ынтымақтастыққа жаңа сапа беру, ұзақ мерзімді және жүйелі өзара іс-қимылға көшу қажеттілігін атап өтті. Әріптестік қатынастарды дамытудың негізгі мақсаты объективті ғылыми негізделген сараптамалық зерттеулер жүргізу арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және өз мемлекеттерінің мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді шешу болып табылады. Отырыс барысында Келісімнің негізгі тұстары талқыланып, тараптар негізделген ұсыныстар енгізді.

Back to top button