Хабарландырулар

Сот сараптамалары орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері туралы

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы (бұдан әрі – Орталық) мен оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, соның нәтижесінде талдамалық анықтамалар жасалды.

Сыртқы талдау кезеңі 2023-2025 жылдарды қамтыды.

Талдау шеңберінде сот сараптама саласына қатысты 20-дан астам нормативтік-құқықтық актілер мен 12 мемлекеттік функция зерделенді.

Қазіргі таңда, талдау қорытындысы бойынша Орталықта және аумақтық бөлімшелерде сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленді және бекітілді.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы 17 шілдеде Орталықта өткен сараптама қызметінің жартыжылдық қорытындысына арналған жиналыста комплаенс-бақылау бөлімінің басшысы Ә. Ақжанов «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары туралы» баяндама жасап, жиналысқа қатысқан институт басшыларына анықталған кемшіліктерді көрсетті және оны болдыртпау мәселесіне назарларын аудартты.

Жиналыс соңында Орталық директоры Б. Байтілесов оны қорытындылай келе филиал басшыларына кемшіліктерді жоюды іске асыру бойынша нақты мерзімдерді белгілей отырып бірқатар тапсырмалар қойды.

Back to top button