Жаңалықтар
Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) өкілдерімен екі жақты кездесу

2025 жылғы 24-25 сәуірде Сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Б.Т. Байтілесов СҚҰД директоры А.Т. Тленчиевпен бірлесіп Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) өкілдерімен кездесуге қатысты.
Іс-шара барысында Орталық Азия елдерінде синтетикалық есірткілердің, оның ішінде жаңа психоактивті заттардың (ЖПЗ) таралуына байланысты туындайтын қауіп-қатерлерге уақтылы ден қою үшін пилоттық өңірлікалдын-ала ескерту жүйелерін (АЕЖ) құру мүмкіндіктерін бағалауды қоса алғанда, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.