Жаңалықтар

Бурабай ауданында жаңадан сот-медициналық сараптама бөлімі ашылды

2021 жылғы 28 шілдеде Щучинск қаласында Ақмола облысы бойынша Сот сараптамалары институтының Бурабай ауданаралық бөлімшесінің ашылуы өтті.

Бөлімше, заманауи жабдықтармен, жаңа жиһазбен жабдықталған «Авиценна Бурабай» ЖШС тиесілі реставрацияланған ғимаратта орналасқан. Сондай-ақ гистологиялық сараптама жүргізуге, адамдарды қарауға арналған кабинеттер, тоңазытқыш жабдықтар (4 мәйітті сақтауға арналған камера және тоңазытқыш үй-жай), қоштасу залы бар. Бұл мәселеде Бурабай ауданының әкімдігі мен «Авиценна Бурабай» ЖШС үлкен қолдау көрсетті.

Ақмола облысы бойынша Сот сараптамалары институты мен «Авиценна Бурабай» ЖШС арасында сот-медициналық сараптамалар жүргізу үшін өтеусіз негізде жалдау шарты жасалды. Сот-медициналық сараптама қызметі 2021 жылғы 2 тамыздан бастап қайта басталады.

Back to top button