Жаңалықтар

Фототехникалық сараптамалар өндірісінің проблемалық мәселелері тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 28-29 наурызында ҚР ӘМ ССО аумақтық бөлімшелерінің (Алматы қ., Шымкент қ., Нұр-Сұлтан қ., ССҒЗИ) 8 сарапшысының қатысуымен “Фототехникалық сараптамалар өндірісінің проблемалық мәселелері. Әдістемелерді әзірлеу және 4.1 бағдарламалық өнімдерді пайдалануды талқылау” тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Аталған семинардың модераторы Алматы қ.бойынша ССИ сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу бойынша бас сарапшысы – Ғазизова Ләйла Бәкіжанқызы болды.

Семинар барысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:

– Сот-фототехникалық сараптамалар өндірісінің тәжірибесін талдау. Сараптама жүргізу кезінде сарапшылар жіберетін қателер;

– ҚР ӘМ ССО сот-сараптамалық фототехникалық зерттеудің эволюциясы. Артықшылықтары мен кемшіліктері;

– Сот-фототехникалық зерттеу шеңберінде цифрлық бейнежазбаларды монтаждау белгілерін анықтау.

Сот-фототехникалық, сондай-ақ кешенді сараптамалар жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Сарапшылар, зерттеудің осы түрі бойынша өзекті және проблемалық мәселелер көрсетілген баяндамаларын ұсынды. Тәжірибе алмасу және талқылау өткізілген семинардың маңызды бөлігі болды.

Ғылыми-практикалық семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар:

1. Сот-фототехникалық сараптамалар жүргізілетін аумақтық бөлімшелердің директорлары бейнежазба бойынша көлік құралының қозғалыс жылдамдығын анықтау жөніндегі кешенді сараптама қорытындыларын бақылауға алуын, онда қорытындыларға фототехника сарапшылары мен ЖКО және КҚ бойынша сарапшылар қол қоюы тиіс.

2. Сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларынан (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 26 мамырда № 15180 болып тіркелген):

– 103 тармақтан (бейнепленкалардағы бейнелерді зерттеу бойынша бейнематериалдардың сот сараптамасы шеңберінде шешілетін міндеттер) – түсірілген әрекеттерді бағалау жөніндегі зерттеулер”: ……олардың мағыналық мазмұнын бағалау жөніндегі зерттеулер”;

– 104-тармақтан бейнетаспаға қандай фильмдер жазылған деген сұрақты алып тастау (бұл сұрақ 10.5 “дыбыстау-бейнелеу және бағдарламалық өнімдерін сот-сараптамалық зерттеу” мамандығы шеңберінде шешіледі);

– аналогтық бейнелер мен бейнежазбаларға (классикалық түрде жасалған фотосуреттер мен бейнежазбалар) қатысты сұрақтарды бөлек тармаққа бөлуді ұсынды.

3. Цифрлық бейнежазбаларда монтаждау белгілерін анықтау, ЖКО мән-жайларын және заттар мен қашықтықтардың өлшемдік сипаттамаларын анықтау бойынша сарапшыларды оқытатын VD-сарапшы, ЖКО-сарапшы бағдарламалық өнімдерін сатып алу. Бағдарламалық өнімдерді орталықтандырылған түрде сатып алу болашақта әдістемелерді жазуға ықпал етуі мүмкін.

Back to top button