Жаңалықтар

“Жаңа психобелсенді заттарды сот-сараптамалық зерттеу тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинар өткізілді

2022 жылғы маусымның 15-17 күндері “Жаңа психобелсенді заттарды сот-сараптамалық зерттеу. Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларға сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелер” тақырыбына ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына аумақтық бөлімшелердің сот сарапшылары қатысты.

Ғылыми-практикалық семинар барысында келесі тақырыптар бойынша:

– Семинарды өткізудің өзектілігі, оның мақсаттары мен міндеттері туралы;

– ҚР ӘМ ССО есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды бақылау, үйлестіру және мониторинг жүргізу бөлімін құру, оның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндамалар ұсынылды.

– Қатты және сұйық заттарды диагностикалық зерттеу бойынша;

– масс-спектрометриялық детекторы бар газды хроматография әдісімен зерттеу бойынша;

– жалынды ионизация детекторы бар газды хроматография бойынша;

– инфрақызыл спектрометрия бойынша;

– тасымалдаушы-заттардағы ЖПЗ қатпарларын анықтау бойынша;

– заттар құрылымының фрагментациясы бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Практикалық сабақтар шеңберінде жаңа психобелсенді заттарды дайындау үшін қолданылатын еріткіштердің концентрациясын есептеу үшін сыртқы стандарт әдісін жасау бойынша оқыту жүргізілді. Газды хроматография әдісімен әрі қарай зерттеу үшін объектілерді сынама дайындау және басқа да бірқатар зерттеу әдістері көрсетілді.

Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларға сот-сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Back to top button