Жаңалықтар

Бірлескен зертханааралық салыстырмалы сынақтардың қорытындыларын шығару жөніндегі отырыс өтті

2020 жылғы 11 қарашада “ZOOM” платформасында Азиялық сот сараптамалары қауымдастығы (AFSN) ұйымдастырған Бірлескен зертханааралық салыстырмалы сынақтардың (Fibre Collaborative Exercise 2020) қорытындыларын шығару жөніндегі онлайн-отырыс өтті.

Кездесуге ҚХР, Малайзия, Тайланд, Корея, Бруней сот-сараптама мекемелерінің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан Шымкент қаласы бойынша ССИ директорының сот-сараптамасы мәселелері бойынша орынбасары Б.С. Тілегенов және Алматы қаласы бойынша ССИ бас сарапшылары Т.Т. Бурханбаева және С.К. Ноғаева қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға талшықтарды сот-сараптамалық зерттеудің жаңа, тиімді әдістері, сондай-ақ зерттеудің көрсетілген түрінде пайдаланылатын аспаптық-техникалық база таныстырылды.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Back to top button