Жаңалықтар

Психикалық бұзылуларды жіктеудің жаңа тәсілдері: Сот сараптамасы орталығының сот сарапшыларын оқыту

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «В.П. Сербский атындағы ұлттық медициналық психиатрия және наркология зерттеу орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесінің сарапшылары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының  сарапшы психиатрлары мен психологтарына онлайн оқытуды бастады.

Бұл оқыту процесі «Стресске байланысты психикалық бұзылулардың қазіргі классификациясы» тақырыбын қамтып, іс-шара «зорлық-зомбылықтың және қиянаттың бірнеше түрлерінің құрбаны болған адамдарда пайда болатын психикалық бұзылулар» оқу модуліне бағытталған.

Оқытудың мақсаты – сот сарапшы психиатрлар мен психологтарға зорлық-зомбылық пен қиянаттың құрбаны болған адамдардағы психикалық бұзылулардың алдын алу, диагностикалау және жіктеу үшін өзекті білім мен дағдыларды беру қарастырылған.

Осы орайда тараптар оқыту деректері кәсіби біліктілікті едәуір арттыратынына және Қазақстан Республикасындағы психиатрия және психология саласындағы сот сараптамаларының сапасын жақсартатынына сенім білдіреді.

Back to top button