Жаңалықтар

ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы директорының орынбасары А.Т. Сейдахметова, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ИСЭ сарапшылары Л.Н. Төлегенова мен Б.Ж. Құмбасов ҚР Жоғарғы Сотында өткен дөңгелек үстелге қатысты

2025 жылғы 29 мамырда ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы директорының орынбасары А.Т. Сейдахметова, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ССИ сарапшылары Л.Н. Төлегенова және Б.Ж. Құмбасов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында өткен “Экономикалық қызметі саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудың сот практикасының проблемалық мәселелері” тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Сот әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Әділет министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Республикалық адвокаттар алқасының және т.б. өкілдері қатысты.

Қатысушылар экономикалық қылмыстар туралы істерді қарау және біркелкі сот тәжірибесін қамтамасыз ету тәсілдерін әзірлеу кезінде заңнаманы қолданудың түйінді мәселелерін талқылады, сондай-ақ құқық қолдану практикасын жетілдіру және сот талқылауының тиімділігін арттыру үшін тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Нормативтік қаулысының қолданыстағы нормаларын қарады.

Back to top button