Жаңалықтар

Қазақстан Республикасына арналған CADAP бағдарламасының техникалық комитетінің отырысы өткізілді

2022 жылғы 25 ақпанда Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасына арналған CADAP бағдарламасының техникалық комитетінің отырысына қатысты.

Отырыс жұмысына Сыртқы істер, Ішкі істер, әділет және денсаулық сақтау министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Cadap 7 бағдарламасының жетекшісі Эрнест Робелло ұлттық серіктестердің қажеттіліктерін бағалау нәтижелері бойынша баяндама жасады, сондай-ақ Бағдарламаның негізгі мақсаттарын іске асыру үшін қорытындылар мен ұсыныстарды айтты.

Қатысушылар жаңа психобелсенді заттардың таралуына қарсы іс-қимыл мәселесінің өзектілігін атап өтті, осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыты жаңа психобелсенді заттарға сұранысты азайту және олардың заңсыз таралуына қарсы іс-қимыл болып айқындалды.

Отырысқа қатысушы ведомстволардың өкілдері бағдарламаның негізгі мақсаттарын, стратегиялық жоспарларын және оларды іске асырудың негізгі іс-шараларын қолдады.

Back to top button