Жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығын материалды-техникалық жабдықтау және сот сараптамаларын жүргізу кезіндегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері

2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстан Республикасы сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Руслан Құсайынұлы Сатывалдеев Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің алдында баяндама жасады. Отырыс барысында Руслан Құсайынұлы сот сараптамалары орталығын материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелерінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Өз баяндамасында Орталықтың аумақтық бөлімшелерінде жабдықтар мен аспаптардың жетіспеушілігі сарапшылардың міндеттерін орындау тиімділігіне теріс әсер ете отырып, мекеменің жұмысын айтарлықтай қиындататынын атап өтті. Сондай-ақ Руслан Құсайынұлы жабдықты жаңарту және орталық жұмысының жоғары деңгейін ұстап тұру үшін қосымша инвестициялар қажеттігін айтты.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшелері баяндамаға оң баға беріп, Сот сараптамалары орталығының материалды-техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Back to top button