Жаңалықтар

Сот сарапшылары есірткіге қарсы халықаралық күрес мәселелері бойынша АҚШ Елшілігінің өкілдерімен онлайн-кездесуге қатысты

2021 жылғы 13 қазанда Сот сараптамалары орталығы сот сарапшыларының АҚШ Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері: Есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) басшысы, Құқық қорғау бағдарламалары жөніндегі өңірлік кеңесшісі Джон Дадлимен (John Dudley) және Есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлімінің (INL) Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, олардың аналогтары мен прекурсорларға сот сараптамаларын жүргізу мәселелері жөніндегі бағдарламалар жөніндегі менеджері Раушан Қасымбековамен виртуалды кездесуі өтті.

Кездесу барысында ағымдағы жылы 2020 жылмен салыстырғанда заңсыз есірткіні талдау кезінде байқалған үрдістер талқыланды. Америка тарапынан АҚШ Мемлекеттік департаментінің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер туралы (INCSR) жыл сайынғы стратегиялық баяндамасына ары қарай енгізу үшін Қазақстандағы есірткі ахуалын неғұрлым дәл көрсетуге бағытталған сұрақтар келіп түсті.

Кездесу соңында қатысушылар өзара сенімге негізделген бірлескен жұмыс пен тұрақты диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Back to top button